Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ОРТА ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған May 2021

237

229

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік желілерге тәуелділік пен адамдардың коммуникативті қабілеттері арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеуге 30 жастан 40 жасқа дейінгі орта жастағы адамдар қатысты. Тақырыптың өзектілігі – бұл күндері өсіп келе жатқан әлеуметтік желілер күн сайын адамдарды көбірек тартады. Қазіргі әлемде көптеген байланыстар Интернет арқылы жасалады. Әлеуметтік желілердің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар бір-бірімен сөйлесе алады. Әлеуметтік желілер әртүрлі мәдени стереотиптерді қалыптастыру және бекіту кеңістігіне айналады. Әлеуметтік желілер адамдар үшін маңызды және құнды болды, оның мүдделеріне сәйкес байланыс орнатуға мүмкіндік туды. Интернетте өзіндік орта қалыптасуда, әлеуметтік желілер іс жүзінде өздерін сырттан бақылауға мүмкіндік бермейді, бірыңғай орталығы жоқ, сондықтан әркім өз қалауы бойынша әрекет етуге құқылы. Интернет заманауи бұқаралық коммуникация құралы ретінде пассивті тыңдаушыдан белсенді қатысушыға айналады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Курмашова А.С., Баймолдина Л.О. , . 2021. ОРТА ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 66, 1 (Трав 2021), 92–98. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7847.17.