Бұл мақалада ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуына мотивациялық процестердің әсері зерттеледі. Зерттеу барысында студенттерде үш академиялық мотивтер, яғни өзін-өзі дамыту мотивациясы – оқу іс-әрекеті аясында өз қабілеттерін, әлеуетін дамытуға, шеберлік пен құзыреттілік сезіміне жетуге ұмтылу, өзін құрметтеу мотивациясы – өзінің маңыздылығын түсіну және оқудағы жетістіктері арқылы өзін-өзі бағалауды арттыру үшін оқуға деген ұмтылыс және амотивация – оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы мен оның мәнділігін түсіну сезімінің болмауы анықталады. ЖОО кезеңінде тұлғалық тиімділіктің қалыптасуы, оның әлеуметтік және академиялық жетістіктеріне әсері қарастырылады. Сонымен қатар, корреляциялық талдаудың нәтижелері көрсетіледі. Жалпы алғанда, студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігінің дамуына мотивациялық процестердің әсері бар екендігі, мотивацияның маңызды екені көрсетіледі және білім беру үдерісінде мотивациялық қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттілігі айтылады.
Зерттеуге психология, менеджмент, маркетинг, құқықтану, қаржы мамандықтары бойынша магистратура, бакалавр 1-4 курс аралығындағы 270 студент (41% ұлдар және 59% қыздар) қатыстырылды. Зерттеу 3 ЖОО, атап айтқанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті (ҚазҰПУ), Сулейман Демирел атындағы университет (SDU), «Тұран» университеті базаларында онлайн форматта жүргізілді.