Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған December 2023

64

39

Академия государственного управления при Президенте РК (филиал по Жамбылской области)
Аңдатпа

Мақалада нәтижеге бағдарланған қосымша білім беру үрдісі психологиялық қатынас теориясы аясында қарастырылады. Қосымша білім беру үрдісін негізгі оқу іс-әрекетіне жанама ықпал ететін, қосалқы қызмет ретінде қабылдау, оның нәтижеге бағдарлану қуатын әлсіретеді. Қалыптасқан тенденцияны қайта қарау және қосымша білім беру үрдісіне қатынасты өзгерту – жүйе қолданушыларын қанаттандырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту негізі.

Балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету өзектілігі олардың бос уақыттарын ұйымдастыру маңызы және тиімді әлеуметтену факторы сынды міндеттермен шартталады. Мұндай қатынасты баланың қызығушылығына негізделген шығармашылық іс-әрекетпен алмастырған жағдайда, қосымша білім беру нәтижелілігі артады.   

Қосымша білім берудің психологиялық стратегиясы ретінде, нәтижеге бағдарлану міндетіне қатынасты өзгерту ұсынылды. Педагог балада нақты дағдының қалыптасуына немесе жемісті әрекет өніміне жету құлшынысына қарағанда, орындау-жасау үрдісіндегі оқушы жағдайына ден қоюды басымдық ретінде жоспарлауы тиіс. Жаңа міндеттерді жүзеге асыру барысында және үйрену-жаттығу үрдісінде баланы қызықтыру, іс-әрекетке жұмылдыру, шабыт, рахат күйіне түсіру арқылы, шығармашылық кеңістіктің орнығуына күш жұмсауы шарт.

Нәтижеге бағдарланған қосымша білім беру психодидактикалық стратегияларына дифференциация және инклюзия қағидаларын ұстану қарастырылды. Оқушылардың қызығушылық және қабілет ерекшеліктерінің негізінде, қосымша білім берудің жеке траекторияларын құру нәтижелілігі зерттелді. Эксперимент Жамбыл облысы және Тараз қаласының қосымша білім беру ұйымдарында жүргізілді. Зерттеу қорытындысы педагог-психологтардың облыстық семинары-кеңесінде баяндалды. Берілген мәселеге білім беру саласындағы өкілетті органдар мен жалпы жұртшылықтың назарын аудару арқылы, стереотипке айналған бірқатар шарттарды өзгертудің оңтайлы жолдары ұсынылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оспанбаева, М., Оралымбетова, Г. і С.Ш. Алимбекова, . 2023. НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.012.