Қазіргі қоғамның даму кезеңінде «резиленттілік» феномені ғалымдардың зерттеулерінде пәнаралық мәселе ретінде сипаттауға бағытталған. Ал шетел ғалымдары өздерінің еңбектерінде «резиленттілік» феноменін үш негізгі аспектіде қарастырған: когнитивті бихевиоризм, конструктивизм, экологиялық болмыс. «Резиленттілік» феноменін «өміршеңдік» ұғымымен сәйкестендірсе, кейбір талдауда ол жеке тұлғаның туа біткен қасиеті ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, психологияда адаптация және дезадаптация контекстінде қарастырылып, ол тұлғаның құзыреттілік немесе шеберлік сапасы ретінде, әрі оның қолайсыз жағдайлар мен қиындықтарды лайықты қарсы алуы мен жеңе білу қабілеті. Мақалада «резиленттілік» ұғымы адамның ішкі ресурстарының категориясы ретінде талданады. Ол біріншіден, адамның стресстік жағдайларда эмоционалды өзін-өзі реттеу қабілеті, физикалық, психикалық және психологиялық өміршеңдік дәрежесі. Екінші жағынан, резиленттілік ұғымы адамның мінез-құлқына әсер ететін сыртқы факторларға оның тума берілген ішкі ресурстары арқылы жауап қайтару мүмкіндігі. Бұл адамның өзінің ішкі және сыртқы ресурстарын пайдалана отырып өмірлік қиын жағдайларды жеңу, қалпына келтіру және өзін дамыту қабілеті.
«РЕЗИЛЕНТТІЛІК» ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Жарияланған October 2023
103
86
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
резиленттілік; резилентті мінез-құлық; психологиялық тұрақтылық; өміршеңдік; төзімділік;
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шукеева, А. 2023. «РЕЗИЛЕНТТІЛІК» ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.006.