Бұл мақала білім алушы-қандастардың Холл сауалнамасын қолдана отырып, әлеуметтік интеллектісінің психологиялық ерекшелігін анықтауға арналған. Зерттеу нысаны – Торайғыров атындағы білім алушы-қандастар. Зерттеудің мақсатын – білім алушы қандастардың әлеуметтік интеллектісінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Білім алушылар университетке түскен кезде тек білім алып қоймай, сонымен қатар әлеуметтік ортада өзара әрекеттесіп, әртүрлі жетістіктерге жету, басқаларды түсіну, басқалардың көңіл күйін түсіну керек. Қандастарды Қазақстанға тартудың бірден бір бағыты ол – білім. Қоғамда өмір сүру, бейімделу – ол әр адамның қажеттілігі. Әр ортада әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту және сақтау, кездесетін қақтығыстар мен келіспеушіліктерді жеңу, өзін және басқаның мінез-құлқын түсіну, тиімді өзара әрекеттесу, басқара алу – білім алушы-қандастар үшін әлеуметтік интеллектісін пайдалану қажет. Зерттеу жұмысы ағымдағы жылы басталғандықтан, білім алушы-қандастардың әлеуметтік интеллектісін Холл модификациясында «Әлеуметтік интеллект» сауалнамасын қолдана отырып, анықтауды жөн көрдік. Зерттеуге университеттегі дайындық бөлімінің және 1-3 курсында оқитын 30 білім алушы- қандастар қатысты. Зерттеу бойынша білім алушы қандастардың Холл модификациясында «Әлеуметтік интеллект» сауалнамасында көрсетілген көрсеткіштердің деңгейлері анықталады. Анықталған көрсеткіштеріне қарай, зерттеудің келесі бөлімдерінде білім алушы-қандастардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттесу, яғни әлеуметтік интелллектісін дамыту үшін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын қарастыру ұсыныстары келтіріледі.