Бұл мақалада аутистік спектр бұзылысы бар балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылды. Аутистік спектр бұзылысы бар балалардың санының артуы мен оларды түзету әдістерінің Отандық әдістемесінің жеткіліксіздігі аталған тақырыптың өзектілігін негіздеуге себеп болады.
Аутистік спектр бұзылысы – ерік – жігер саласының бұзылыстары арқылы көрінетін ерекше білімді қажет ететін балалар тобының бірі. Бұл балаларда ерік – жігер саласының теңгерімсіздігі, сөйлеу тілінің бұзылыстары және мінез – құлықтың қиындықтары байқалады.
Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды Р.Каннердің жеке аңғарым ретінде қарастырылуы мен бүгінгі күнгі зерттеулерге дейінгі аралықта көптеген ғылым еңбектер жазылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, Отандық ғылымда аталған тақырып әлі күнге дейін жеткілікті түрде зерттелмеген.
Шет елдік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары бүгінгі таңда аутистік спектр бұзылысы бар балалардың мінез – құлық бұзылыстарын түзетудің ең оңтайлы әдісі АВА терапия екендігін дәлелдеп отыр. Сол себепті, зерттеу барысында аутистік спектр бұзылысы бар балалардың сөздік қорының дамуын зерттеу мен оны АВА – терапия арқылы дамыту жұмысының педагогикалық шарттары анықталды. Педагогикалық шарттарды логопедиялық жұмыста қолдану баланың сөйлеу тілін дамытып қана қоймай, оның жағымсыз мінез – құлқының деңгейінің азаюына да ықпал етеді.
Американдық психиатр И.Ловаастың «жеке блоктар арқылы оқыту» әдісі және Ф.С. Скиннердің «мінез – құлықты қолданбалы талдау» әдістерінің және Л.С. Выготскийдің концепциялары негізінде жасақталған қағидаларды логопедия қағидаларымен ұштастыра отырып, сөздік қорын дамыту жұмысының траекториясы ұсынылды. Ұсынылған жұмыстарды логопедиялық сабақтарда қолдану және сәтті енгізу болжануда.
Кілттік сөздер: аутистік спектр бұзылысы, сөздік қоры, логопедия, АВА – терапия, қолданбалы талдау, мінез – құлық.